Samsung төрағасы Ли Кун Хи қайтыс болды

701

Ол 2014 жылы инфаркт алып, емделуге мәжбүр болған.

Samsung төрағасы Ли Кун Хи қайтыс болды

Оңтүстік Кореядағы ең ірі конгломерат – Samsung Group төрағасы Ли Кун Хи (Lee Kun-hee) 78 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды bbc.com 

Компания басшысы Ли Кун Хи жексенбі күні қайтыс болғанын жариялады. Бірақ өмірден озуының нақты себебі айтылмады. Ол 2014 жылы инфаркт алып, емделуге мәжбүр болған.

"Samsung компаниясындағы барлығымыз оны мәңгі есте сақтаймыз әрі онымен бірге болған уақытымызға ризамыз", – дейді компания таратқан хабарламада.
Ли Кун Хи ауруханада жатқан кезде ұлы Ли Джэ (Lee Jae) компанияны басқаруды қолына алған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу