"Самұрық-Қазына" басшысының ұсталған сәті суретке түсіп қалды

1556

Желіде видео тарады.

"Самұрық-Қазына" басшысының ұсталған сәті суретке түсіп қалды Фото: Видеодан скриншот/t.me/qumash_kz

"Самұрық-Қазына" және "Қазақстан темір жолы" басшыларының ұсталғаны туралы жаңалықтан соң оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін  Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазынаның" басқарма төрағасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы орган өзге ақпаратты жарияламады.

Әлеуметтік желіде Нұрлан Жақыповтың ұсталған сәті бейнеленген кадрлар пайда болды. 

Айта кету керек, Нұрлан Жақыпов 1978 жылы 31 наурызда туған. 2023 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы лауазымын атқарады. 2024 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу