"Самұрық-Қазына" "CL" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесін сатты

522

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы "Continental Logistics" (CL) ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 30%-ын 500 млн теңге сомасына сатты, деп хабарлады қордың Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.  

"Самұрық-Қазына" "CL" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесін сатты Фото: Максим Морозов

Жекешелендіру бағдарламасы бойынша активтерді сатудан түскен қаражат Үкімет қорының жалғыз акционерінің шешімі негізінде бөлінетін болады.

"Odyssey Investments Group" ЖШС (CL қатысушыларының бірі) "KTZ Express" АҚ-ның CL жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 30%-ын сатып алды.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің 30.12.15 ж. №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің  2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары 84%-ға аяқталды: іске асырылғаны – 88, қайта ұйымдастырылғаны – 11 және таратылғаны-42. Қазіргі уақытта шығару процесіне "Самұрық-Қазына" АҚ 8 ірі активтері мен 19 шағын активтері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу