"Самұрық-қазынаның" еншілес ұйымы қызметкерлерге пәтер үлестірген

1097

"Самұрық-қазынаның" еншілес ұйымы әкімдік кезегінде жоқ қызметкерлеріне пәтер үлестірген, деп хабарлайды Atameken Business.    

"Самұрық-қазынаның" еншілес ұйымы қызметкерлерге пәтер үлестірген

Мұндай мәлімет Есеп комитетінің аудиторлық сараптамасында көрсетілген. Нақтыласақ "Нұрлы жер" бағдарламасымен кезекте тұрғандарға тиесілі 65 пәтерді компанияның қызметкерлері еншілеген. Тұрғынүйдің жалпы соммасы 733 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, 8 жарым млрд теңгеге салынған  арендалық баспананы сатып алу құқығымен иемденген. Мұндай заңсыздық 2017-2020 жылдар аралығында болған. Жалпы комитет есебі бойынша, компания соңғы үш жылдағы жоспарын жарым-жартылай ғана орындаған. 17 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу