"Сана берсін": Әкім өзіне зорлық қылды деген бұрынғы әйелінің сөзін жоққа шығарды

439

Шенеунік Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айтқан пікірін орынсыз деп отыр. 

"Сана берсін": Әкім өзіне зорлық қылды деген бұрынғы әйелінің сөзін жоққа шығарды Фото: Мой город

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына жауап беріп, өзіне жала жабылды деп санайды.

“Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеліме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек. Ортақ балаларымыз – екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты – қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын”, – дейді аудан әкімі.

Ал Атырау облысының әкімдігі аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Еске сала кетсек, Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, оған қоса қазір Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген Ринат Ибрагимовқа қатысты мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі 11 жыл бойы ұрып-соққан, балаларын тартып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу