Санақ қорытындыларымен кез келген адам таныса алмайды

689

Деректер статистика түрінде жарияланады.  

Санақ қорытындыларымен кез келген адам таныса алмайды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халық санағының қорытындылары статистикалық ақпарат болып табылады. Сондықтан бұл жағдай бойынша арнайы талаптар бар. Яғни, ғылыммен айналысатын институттардың, ғылыми зерттеу жүргізетін азаматтардың санақ базасына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Бірақ ол әрбір жеке адам бойынша емес, жалпылама түрде беріледі", – деді Нұрболат Айдапкелов.

Ұлттық статистика бюросы басшысының айтуынша, санақ бойынша қорытынды зерттеулер сұрыпталып, бюроның сайтында жарияланады.

"Санақ қорытындысы бойынша базаны өңдегеннен кейін оны арнайы кестелер бойынша интернеттегі сайтымызға саламыз. Бірақ базаға нақты талап бойынша кіруге болады. Басты талап – санақ қорытындысымен танысқысы келген адам ғылыммен айналысатынын дәлелдеуі керек. Сонымен бірге ІР-сервис арқылы біздің жүйеге кіру мүмкіндігі болуы керек. Деректер статистика түрінде жарияланады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу