Санкт-Петербургте тілшіні өлтірді деген күдікті Дарья Трепова іздеуге салынды

518

Ресей ІІМ Санкт-Петербургтің орталығындағы кафеде әскери корреспондент Владлен Татарскийді (шын аты-Максим Фомин) өлтіруге қатысы бар деп танылған күдікті Дарья Треповаға іздеу салды. 

Санкт-Петербургте тілшіні өлтірді деген күдікті Дарья Трепова іздеуге салынды Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы ақпарат полиция департаментінің іздеу базасында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Трепова Дарья Евгеньевна 16 ақпан күні 1997 жылы туған. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бабы бойынша іздеуде", — делінген дерекқорда.

Алдыңғы күні қауіпсіздік қызметкерлері Санкт-Петербургтегі Трепованың тұрғылықты жерін тінту барысында оның анасы мен әпкесімен тілдескен.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, "№ 1 стрит-фуд-барда" өзінің шығармашылық кешін өткізіп жатқан Татарскийге гипстелген мүсінді ұсынған Трепова болды. Дәл сол сахнада жарылғыш құрылғы іске қосылған.

Красносель аудандық сотының және Санкт-Петербург қалалық сотының картотекасындағы мәліметтерге сәйкес, Трепова 2022 жылы Украинада соғыс басталған күні рұқсат етілмеген митингіге қатысып, 10 күнге әкімшілік қамауға алынған.

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, жарылыс кезінде кафеде болған 10 адамның жағдайы ауыр деп бағаланады, 16 адам орташа жағдайда — олардың арасында 14 жасар қыз да бар. Зардап шеккен бес адамның жағдайы қанағаттанарлық, оларға стационарлық жағдайда көмек көрсетіледі. Тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартты, оған амбулаториялық көмек көрсетілді.

Жексенбіде Санкт-Петербург университетінің жағалауындағы кафеде жарылыс болып, салдарынан соғыс тілшісі Владлен Татарский қаза тапқанын еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу