Сапалы сараптамаға оқырман ынтасы артуда

1050

"Шалқар" радиосы бизнес порталынан сұхбат алды. 

Сапалы сараптамаға оқырман ынтасы артуда

"Атамекен Бизнес медиа холдингі inbusiness.kz  ақпараттық агенттігінің  қызметкері Нұржан Көшкін "Таңжарық" бағдарламасына қатысып,  интернет-журналистика мәселелері бойынша соңғы кездегі жаңалықтармен бөлісті. Атап айтарлығы, бизнес тақырыбына қазіргі уақытта, әсіресе, қазақ тілді аудиторияның қызығушылығы артып келеді екен. Бұл елдегі азаматтардың кәсіпке, бизнеске деген ынта-ықыласының оянып келе жатқандығын аңғартса керек",– деп хабарлады "Шалқар" радиосы.

"Бүгінгі оқырманның талғамы жоғары. Сол себепті тек тексерілген мәліметтерді ғана жариялаймыз. Түсінікті жазылған талдау мен сын қатар жүретін мақалаларды оқырман қызығып оқиды. Несие, жәрдемақы алу тақырыбы өзекті. Мысалы, "300 мың емес, 600 мың теңге кредит кешіріледі" мақаласы өте көп қаралымға ие болды. Ал білім беру саласы, педогогтар мәселесі әрқашанда өзекті. Өйткені әр отбасының білім саласына қатысы бар. Айталық, "Педагогтердің "жаңа" жалақысы жарияланды" мақаласында ұстаздар жалақысы қалай есептелетіні, қалай төленетіні толықтай сарапталып жазылған. Тұрғын үй алу мәселесі де көпшілікті толғандыратын тақырып. Тұрғын үй алу үшін не істеу керектігі де сайт материалдарында айтылады. Сондай-ақ, редакция тілшілері елімізге танымал тұлғалар мен сарапшылардан сұхбат алынып, пікірлерін біліп отырады",  – деді inbusiness.kz тілшісі ұлттық радио эфирінде.

Сұхбат соңында халықтың құрметіне бөленген "Шалқар" радиосының басшысы Болатбек Төлепберген бизнесті қазақша сөйлеткен интернет портал жұмысына шығармашылық табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу