Сапасыз өнімдердің басым бөлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілген

657

Сатылымнан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім алынды. 

Сапасыз өнімдердің басым бөлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілген

ҚР ДСМ СЭБК 2021 жылдың 9 айында елдің тұтыну нарығында сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазіргі кезде елдің ішкі нарығын сапасыз өнімдерден қорғау мақсатында ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының орындалуын бақылау жұмыстары жалғасуда.

"Биылғы жылдың 9 айында мониторинг аясында 22175-тен астам тамақ өнімдерінің сынамалары зерттелді, олардың 2537-сі (11,4%) техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермеді. Таңбалау ережелерінің сақталмауы - 70,0%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 16,1%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны адастыратын көрсеткіштер бойынша – 14,0%-ын құрады", - деп хабарлады ведомствода.

Комитетте атап өткендей, сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,5%, құс етінде – 25,1%, балықта - 12,0%, май өнімдерінде – 4,3%, сүт өнімдерінде – 10,3%, кондитерлік өнімдерде – 9,9%, нан және нан – тоқаш өнімдерінде – 0,8 %, жеміс - көкөніс өнімдерінде – 3,1%, қапталған ауыз суда, оның ішінде минералды суда – 0,3 %, шырын өнімдерінде – 1,9 %, алкоголь өнімдерінде – 1,1 %, алкогольсіз сусындар - 4,5 %, арнайы тамақ өнімдері – 5,5 %, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - 0,9% және өзге де тамақ өнімдерінің 10,3%-ын құрады.

Негізгі заң бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 55,4 %, басқа елдерден – 21,8% анықталды.

Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі - 22% құрады.
Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша 1246 ұйғарым берілді, 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 6 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

3,8 тоннадан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу