Сапасыз тағам өнімдерінің дені ТМД елдерінен импортталады

1640

Келер жылдан бастап елімізде тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылайтын арнайы комитет өз жұмысын бастайтын болады. 

Сапасыз тағам өнімдерінің дені ТМД елдерінен импортталады

Сапасыз тағам өнімдері Қазақстанға көбінесе ТМД елдерінен импортталады, деп хабарлайды 24.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығына жыл басынан бері тұрғындардан 300-ден астам шағым түскен. Басым көпшілігі бойынша тұрғындардың арызы негізді болып шыққан.

Келер жылдан бастап елімізде тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылайтын арнайы комитет өз жұмысын бастайтын болады. Бұл орган бірінші кезекте тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды болмақ.

"Биылғы жылы бізге 300 азамат арыз түсірді. Олардың 200-ге жуығын сотқа жеткізбей, яғни медиация тәртібімен шештік. Қалған материалдарды сотқа жібердік. Айта кетейін, негізінен тұрғындар ет, балық және кондитерлік өнімдердің сапасыздығын айтып шағымданады. Сондықтан жолдауда көрсетілгендей жаңа комитет бұл мәселелерді өз бақылауына алса, мұндай олқылықтардың саны азаяр еді", - дейді облыстық тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу