Сапасыз жолдар, қымбат әуе билеттері: Депутат еліміздегі туризм саласы кенже қалғанын айтты

219

Кейінгі төрт жылда экономика құрылымындағы туризмнің үлесі едедәуір азайып, небәрі 3%пайызды құрап отыр.

Сапасыз жолдар, қымбат әуе билеттері: Депутат еліміздегі туризм саласы кенже қалғанын айтты Фото: Pixabay.com

Негізгі қолбайлау –мемлекет тарапынан туристік бизнестіоңтайлы қолдаулардың болмауы, деп жазады inbusiness.kz сайты Еділ Жаңбыршиннің депутаттық сауалына сілтеме жасап.

"Еліміздегі туристік саланы жүйелі дамыту мәселесінің көтеріліп келе жатқанына көп жылдар болды. Алайда сол түйткілдер шешімін таппаған күйіжылдан-жылға жалғасып келеді. Шындығы керек, туристік салада орындардың жетіспеушілігі, демалу құнының көпшілікке қолжетімсіз болуы, бағаға сапаның сай болмауы, сервистіңнашарлығы және инфрақұрылымының жетіспеуі айтыла-айтыла жауыр болды", - деді Мәжіліс депутаты.

Қазіргі таңда әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асқан.  Ал еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз. Кейінгі төрт жылда экономика құрылымындағы туризмнің үлесі едедәуір азайып, небәрі 3%пайызды құрап отыр. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен үш есе төмен. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі екен. Яғни, әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр.

Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, негізгі қолбайлау – мемлекет тарапынан туристік бизнестіоңтайлы қолдаулардың болмауы. Сонымен қатар инфрақұрылымның жетіспеушілігі, яғни жөндеу көрмеген сапасыз жолдар мен көлік қатынасының қиындығы шалғайда орналасқан туристік орындарға жетуді өте қиындатып отыр.

"Басқасын былай қойғанда, әйгілі Алакөлге апаратын жолдың өзі әлі толық жөнделіп бітпей жатыр.

Сонымен қатар, жазда демалушылар легі көп болғандықтан, поездарға билет тапшы. Оған қоса, жолаушылар вагондарының да көбінің тозығы жеткен. Ал туристік санаттағы пойыздар атымен жоқ. Туристерді таситын автобустарды ұмытқанымыз қай заман?!

Ал ұшақтар бағасы да аспандап, қарапайым демалушыларға қолжетімсіз болып тұр. Еліміздегі әуе тасымалында лоукостерлердің үлесі 21-ақ пайыз екен. Мысалы, Грузияда лоукостерлер 56 пайызды құрайды. 

Сондықтан азаматтық авиация саласы осы мәселені де ойластырғаны жөн", - деді депутат.

Сонымен бірге, тартымды туристік пакеттер дайындап, оларды насихаттау жағы да кемшін. Сырттан келушілерді былай қойғанда, ішкі туризмнің де әлеуеті жеткілікті пайдаланылмай жатыр. Тіпті елімізде балалар лагерінің өзі мүлдем жетіспейді. Олар бар болғаны балалардың 10-ақ пайызын қамтиды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу