Сарапшы: Рубль-теңге кросс-бағамын реттеу үшін үшінші валюта енгізу керек

699

Ресейдегі рубльдің долларға шаққандағы бағамы әділетсіз. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайлов Үкіметаралық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Сарапшы: Рубль-теңге кросс-бағамын реттеу үшін үшінші валюта енгізу керек

Оның сөзінше, бағам дұрыс болмаған соң, кедендік одақ шеңберіндегі тауар бағалары 12 пайызға өскен. Бұл еліміздегі инфляцияны тездетті. Үкімет басшысы бағам мәселесін реттеу үшін одақтас елдердің орталық банктері өзара келісіп, ортақ шешімді үкіметаралық кеңестің отырысына талқылауға шығарсын деді.

Ал тәуелсіз сарапшы Расул Рысмамбетовтың пікірінше, рубль-доллардың бағамын нарық белгілеп отырған жоқ. Теңге-рубль бағамы Ресейдегі доллар құнына тікелей байланысты екенін ескерсек, рубльдің теңгеге шаққандағы құны қате боп шығады.

Бұдан ресейлік тауарлар қымбаттап, қарапайым халықтың қалтасын қағуда. Осы орайда айта кетейік, Қазақстан импортындағы Ресейдің үлесі 37 пайыз.

Экономистің сөзінше, екі ел валютасының айырбас бағамы дәлме-дәл болу үшін, үшінші елдің валютасын, мысалы юаньді қолдануға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу