Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының маманы Диляра Сүлейменова жыл басынан бері Қазақстандағы тұрғын үй бағасы орташа есеппен 3-4%-ға өскенін атап өтті, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
"Өңірлер бойынша пәтердің пайыздық мөлшері әр түрлі болып отыр. Мысалы Алматыда өсім 1,4% болса, ал жыл соңына дейін пәтердің құны шамамен 1-2%-ға көтеріледі. Ал сатып алу мен жалға алуға келетін болсақ, қазір жылжымайтын мүлік нарығында маусымдық науқан басталды. Сондықтан да жыл соңына дейін 1-2% ғана өсім болуы мүмкін. Яғни, тұрғын үй нарығында бағаның күрт көтерілуі болмайды", - деді Сүлейменова.
Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко жақын арада бағаның қымбаттауы байқалмайтынын айтады.
"Доллар бағамының артуы мен жаңа мемлекеттік бағдарламалардың шығуын риэлторлар жіті бақылап отыр. Сатушылар пәтердің құнын бірден көтергенімен тұрғын үй бағасы айтарлықтай қымбаттамайды. Себебі халықтың әл-ауқаты бағаның қымбаттауына кедергі болып отыр. Оның үстіне бізде кредит беру бойынша тым жоғары мөлшерлемелер бар. Сондықтан да азаматтар бастапқы сұраныс үшін қажетті соманы ала алмайды", - деп атап өтті Степаненко.
Сондай-ақ ол президенттің Жолдауында зейнетақы қорындағы қаржыны білім немесе тұрғын үй алуға жұмсауға мүмкіндік беріп отырғанын еске алды. Әйтсе де, Лариса Степаненко мемлекет басшысының бұл бастамасының тұрғын үй бағасының қымбаттауына қатты әсер етпейтінін мәлімдеді