Қазақстанда "Саратов-Алматы" пойызының вагоны рельстен шығып кетті

375

Оқиға Шиелі мен Түркістан арасында болды. 

Қазақстанда "Саратов-Алматы" пойызының вагоны рельстен шығып кетті Фото: бейнежазбадан

Жолаушыларды тасымалдауға қосымша пойыз жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін сағат 12:49-да тіркелді.

№7/8 Саратов – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы Шиелі – Түркістан арасында шұғыл тоқтады. Себебі пойыздың бір вагонында дөңгелегі рельстен шығып кетті.

"Жолаушыларға медициналық көмек барғанымен бәрі де бас тартты. Ал пойыздың вагонын қалпына келтіру үшін жөндеу тобы жедел жіберілді. Жолаушыларды тасымалдауға қосымша пойыз жіберілді. Оларды отырғызу, жөнелту жұмысы жедел ұйымдастырылды. Тасымалдаушы компания қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу