Сарбаз өлімі жиіледі – Қорғаныс министрін отставкаға жіберу туралы петиция жарияланды

774

Қазақстандықтар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сарбаз өлімі жиіледі – Қорғаныс министрін отставкаға жіберу туралы петиция жарияланды

"Жақсылықов қызметке тағайындалғалы бері жас сарбаздардың өлімі жиілегенін бұқаралық ақпарат құралдарынан байқап отырмыз. Қазақстан армиясында толық тәртіпсіздік орын алып жатыр. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді. Жастарды әскерге ұрлап және мәжбүрлеп әкеткен жағдайлар да болды. Біз, петицияға қол қойған азаматтар, ел Президентінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты отставкаға жіберуді табанды түрде талап етеміз", - деп жазылған петицияда.

Петицияны әзірге 1500-ден астам адам қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу