Саркози бастапқы сайлауда жеңілгенін мойындап, саясаттан кететінін мәлімдеді

883

Саркози бастапқы сайлауда жеңілгенін мойындап, саясаттан кететінін мәлімдеді

Францияда жексенбі күні өткен бастапқы сайлауда үшінші орынға табан тіреген осы елдің бұрынғы президенті Николя Саркози өзінің жеңілгенін мойындап, саяси өмірден кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды франциялық БАҚ-қа сілтеме саған "Интерфакс".

Сондай-ақ Саркози алдағы президент сайлауында  өз дауысын қазірдің өзінде қара үзіп келе жатқан бұрынғы премьер-министр Франсуа Фийонға беретінін айтты. Одан кейінгі орында Ален Жюппе тұр.

"Мен Франсуа Фийонға дауыс беремін", – деп мәлім еткен Саркози, өз жақтастарын алдағы жылы өтетін президент сайлауында, "Ұлттық майдан" партиясын меңзегендей, әсіре оңшыл партияны қолдамауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу