"Сарыөзек – Көктал" автожолында екі көлік соқтығысып, алты адам көз жұмды

382

​Жетісу облысында "Сарыөзек – Көктал" автожолында ауыр жол апаты болып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігінің тілшісіне сілтеме жасап.  

"Сарыөзек – Көктал" автожолында екі көлік соқтығысып, алты адам көз жұмды Фото: ЖИ

Оқиға жолдың 110-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көліктерінің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, келе жатқан екінші көлікпен соқтығысқан.

Апат салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауға және жол мен ауа райының жағдайын ескеруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу