Сәтбаевта атыс ұйымдастырған екі азамат ұсталды

626

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сәтбаевта атыс ұйымдастырған екі азамат ұсталды

Полиция қызметкерлері 18 және 20 жастағы екі азаматты ұстады. Оның бірі көлік басқаруында болса, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Еске сала кетсек, Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер арасында сөзге келіспеушілік болып, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнынан автокөлікпен кету кезінде, күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, ол жерден автокөлікпен ізін жасырған. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.  Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаға қатысушылардың жеке бастары анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу