Сәтбаевта мас жүргізуші бір топ жасөспірімді қағып кетті

238

Балалардың денсаулығына зиян келмеген. 

Сәтбаевта мас жүргізуші бір топ жасөспірімді қағып кетті Фото: Бейнежазбадан

Сәтбаев қаласында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жол жиегінде тұрған бір топ жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысының полиция департаменті осыған байланысты ресми түсінік берді. Оқиға 25 мамыр күні Абай көшесіндегі дәмхананың жанында болған. Полиция жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді көлік қағып кеткенін мәлім етті.

"Полиция қызметкерлері мас жүргізушіні ұстады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті, қазір олардың өміріне келер қауіп жоқ", – деді ведомствода.

Белгілі болғандай, іс материалдары сотқа жолданды. Полиция тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында екенін хабарлады.

Айта кететіні, жол-көлік оқиғасының видеосы желіде таралды. Бейнежазбада бір топ жасөспірім дәмхана жанындағы жол жиегінде тұрғанын байқауға болады. Кейін жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік оларды қағып кетеді. Бірнеше адам қашып үлгереді, ал екі жасөпірім жерге құлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу