Энергетика министрі: АЭС салуға ниетті елдердің күшті әрі әлсіз тұстарын білеміз

274

Қазір бұл мәселені ведомствоаралық комиссия құрылды. 

Энергетика министрі: АЭС салуға ниетті елдердің күшті әрі әлсіз тұстарын білеміз Фото: mtrk.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС-ке байланысты консорциум құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңізге белгілі, ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазіргі таңда консорциум құрамы белгіленген жоқ. Барлық қатысушылардан келіп түскен өтінімдер қаралып жатыр. Біз олардың күшті әрі әлсіз тұстарын білеміз. Біз барлық зауытқа бардық", – деді ведомство басшысы.

Тілшілер қазіргі төрт ел ол тізімге енуі мүмкін бе деп нақтылады.

"Иә, әрине. Қазір талқыланып жатқан барлық ел консорциум құрамына енуі мүмкін",  деді Энергетика министрі.

Айта кету керек, осыған дейін екінші АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілмейтінін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу