Сәтпаев қаласында кеншілер мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16 ақпан күні сағат 09:00 шамасында Сәтпаев қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан №57 шахта маңында "Toyota Land Cruiser 100" автокөлігі мен шахта жұмыскерлерін тасымалдайтын "НЕФАЗ" автобусы соқтығысты. Жеңіл көлікті басқарып отырған 28 жастағы жүргізуші қалың тұман салдарынан жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.
Оқиға кезінде автобуста 35 шахта жұмысшысы болған. Апат салдарынан "НЕФАЗ" автобусының 42 жастағы жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Сәтпаев қаласында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары басталды.