Сәтпаевта қала күні көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды

851

Сәтпаевта қала күні аталып өтті. Мерекелек кезінде көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды.

Сәтпаевта қала күні көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды

Қала күні қарсаңында осы жылдың мыңыншы сәбиі дүниеге келді, ал мерекеге дейін 70 мыңыншы сәтбаевтық тұрғын туды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.. Бүгінгі күні қала халқы 70 121 адамды құрайды.

"Биыл 19 көпбалалы отбасы пәтер алды. Бүгін, қала күні мерекесінде тағы жеті отбасына пәтер кілттерін тапсырамыз", – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, меценаттар әлеуметтік қорғалатын санаттардағы 13 отбасына ақшалай сертификаттар табыс етті.

Қала күніне орай Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған "Жүректерде жанған жұлдыз" кітабының тұсаукесері өтті. Достық үйінде жұртшылық пен оқырмандар жиналды.

Айта кетсек, қаланың пайда болуына Қаныш Сәтпаев жүргізген геологиялық барлау жұмыстары себеп болған, ол аймақтағы мыс кенінің ірі шоғырын ашты. 30 жылдардың басында №№ 31 және 32 алғашқы шахталар, Покро және Петро пайда болды. Анненск және Каргин карьерлеріндегі кен орындарын игеру басталды, Никольский және Беловский карьерлері іске қосылды.

1973 жылы Никольский жұмысшы кенті қала мәртебесін алып,1990 жылдың 13 қыркүйегінде қала атауы Сәтпаев деп өзгертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу