Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
министрлік квазимемлекеттік сектордың сатып алулары туралы заң жобасын әзірлегенін, құжат үкіметте қаралып жатқанын, таяуда мәжілістің қарауына жолданатынын жариялады.
"Квазимемлекеттік сектордың сатып алу процедуралары мемлекеттік сатып алу рәсіміне сәйкестендірілген. Алайда оның өзіне тән айырмашылығы бар. Өндірістің ерекшелігі мен кәсіпкерлік қызметті жүргізу моделін ескере отырып, квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жеңілдетілген. Мысалы банк операцияларына, брокерлік, дилерлік қызметке байланысты қаржылық қызметтер, бағалы қағаздар қатысушыларына қызмет көрсетуге қатысты өзге де қаржылық қызметтер сатып алумен реттелетін саладан алынып тасталған", – деді Еркебұлан Жамаубаев.
Министрдің мәлімдеуінше, квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілеріне сатып алудың бірыңғай ережесін енгізіледі, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің сатып алуларына қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту және оларға қатысты әкімшілік жауапкершілікті арттыру, сатып алудың барлық рәсімдерін 100% электронды тәсілге ауыстыру заң жобасының негізгі жаңашылдығы саналады.
Қанат Махамбет