Жетісай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен тұрғын үй-жайларды сатып алу кезіндегі заңдылықтын сақталуына талдау жүргізіп, заңсыздықтарды тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Талдау нәтижесімен жергілікті атқарушы органның сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған, техникалық талаптарға сәйкес келмейтін 28 пәтерді мемлекеттік сатып алулар арқылы қабылдап алғаны анықталды.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 28 пәтерге негізсіз төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу