Сауд Арабиясы Йеменге 368 млн доллар көмек береді

191

Жалпы көмек көлемі 1,38 млрд риялды (шамамен 368 млн доллар) құрайды.  

Сауд Арабиясы Йеменге 368 млн доллар көмек береді Фото: canva

Аталған қаражат Йеменді дамыту және қалпына келтіру бағдарламасы шеңберінде бөлініп, елдің экономикалық дамуын қолдауға бағытталады, деп хабарлады Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі.

Сауд Арабиясы Йемен Президенттік кеңесінің төрағасы Рашид әл-Алими басқаратын үкіметке шамамен 368 млн доллар көлемінде қаржылай көмек беретінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәлімдемеде қаражат бөлу туралы шешім король Салман ибн Абдулазиздің нұсқауымен және тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның ұсынысымен, Йемендегі ауыр экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданғаны айтылды.

Бұл көмек президент Әл-Алимидің өтініші бойынша беріліп отыр және Сауд Арабиясының Йемен үкіметіне көрсетіп отырған қолдауының бір бөлігі саналады. Қаражат денсаулық сақтау, мемлекеттік бюджет және мұнай саласына жұмсалмақ.

Айта кетейік, 2014 жылдың қыркүйегінен бері Йемен астанасы Сана мен бірнеше аймақты Иран қолдайтын хуситтер бақылауда ұстап отыр.

2015 жылдың наурызынан бастап Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемен үкіметіне хуситтерге қарсы күресте көмек көрсетуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу