Сауд Арабиясының Saudi Aramco компаниясы азиялық сатып алушылар үшін мұнайдың наурыз айындағы бағасын өзгертпеді, бірақ АҚШ-қа сатылатын мұнайды қымбаттатты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Aramco АҚШ-қа арналған бағаны 10 центке, Еуропаныкін 1,3 долларға өсірді.
3 ақпандағы отырыста мониторингтік комитеті жаппай вакцинациясы басталған кезде нарықтың қалпына келуі қарқынды болады деген пікірге келді. Соңғы мәлімет бойынша, Brent мұнай баррелінің құны 59 доллардан асты.
Қаңтар айының басында Сауд Арабиясы Азия мен АҚШ-қа сатылатын мұнайдың ақпандағы бағасын көтерген еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: arabnews.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу