Сауд Арабиясы: Шабуыл ирандық қарудың көмегімен жасалды

1586

Йемендегі Сауд Арабиясы жетекшілік ететін араб коалициясы корольдіктің мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуыл ирандық қарудың көмегімен жүзеге асырылды деп мәлімдеді. 

Сауд Арабиясы: Шабуыл ирандық қарудың көмегімен жасалды

Коалицияның ресми өкілі полковник Турки әл-Малкидің айтуынша, қазір дрондардың қай жерден жіберілгенін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

"Тергеудің алдын ала қорытындысына сүйенсек, қару Иранда жасалған. Лаңкестік әрекеттің Йеменнен ұйымдастырылмағанын көтерілісші хуситтер растады",– деді Турки әл-Малки Эр-Риядта өткен баспасөз мәслихатында. 

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Саудияның екі мұнай нысанына және мұнай өндіретін әлемдегі ең ірі зауытқа дрондар шабуыл жасаған болатын. Бұл нысандарда күніне 6 млн баррель шикізат өндіріледі. 

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео шабуылды Иран жасады деп айыптаған болатын. Бірақ ресми Тегеран өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты. Шабуылды Йемендегі көтерілісші хуситтер тобы мойнына алды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу