Әйтсе де олардың материалдық-техникалық базасы едәуір құлдырап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.
Бүгін де елімізде 761 базар жұмыс істейді. 17 өңірдің ішіндегі 3-де көтерме сауда жасайтын бірде-бір базар жоқ.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша елде 761 базар болған. Көбі қалада орналасса (515), бір бөлігі (246) ауылдарда шоғырланған. Аймақтарды бөліп қарағанда базарлардың көбі Түркістан (14,6%), Алматы (11%) мен Шығыс Қазақстан (9,3%) облыстарында жұмыс істеп тұр. Базарлардың саны былтырғыдан қарағанда едәуір азаймаса да, бір жылдың ішінде сауда орындары біршама көбейген (1% - 184,6 мың орын).
"Аймақтардың ішінде сауда орындары ең көп облыс – Алматы (24,2 мың). Бұл көрсеткіш жағынан үздік үштікте Алматы қаласы мен Жамбыл облысы тұр. 359 базаз (немесе 145,9 мың сауда орыны) заңды тұлғаларға, яғни компанияларға тиесілі. 402 базар немесе 38,6 мың сауда орны жеке кәсіпкерлерге қарайды. 761 базардың 17-і коммуналдық болса, 387-і жабық базар.
"Базарлардың материалдық-техникалық базасы азайып қалды. Мәселен, тоғазытқыш камераларының саны бір жылда 9,7% немесе 1,5 мың орынға, ал контейнерлердің саны 4,8% немесе 40,7 мыңға, ветсараптама зертханалары 3,4% немесе 254-ке азайған", – делінген зерттеуде.