Сауда саласындағы инвестиция көлемі 48% төмендеді

597

Ішкі тауар айналымы 14,9 трлн теңгені құрады.

Сауда саласындағы инвестиция көлемі 48% төмендеді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше 2020 жылдың алғашқы 6 айында 6,9% төмендеді. 

Оның сөзінше, соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11% қарқынмен өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті. Алайда соңғы 6 айда 6,9% азайып, 14,9 трлн теңгені құрады.

"COVID-19 салдарынан сауда саласындағы инвестиция көлемі 48% түсіп кетті", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуіше, нарықты заманауи сауда форматына ауыстыру саладағы кәсіпорындардың өсімін 10%, ал жұмыспен қамтылғандарды 5 мың адамға арттырады. 

"Сауда инфрақұрылымын жаңғыртудағы басты бағыт – цифрландыру. Сауданың электронды жүйесі отандық тауар өндірушілер мен шетелдік серіктестерді тартуға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілік пен шарттардың ашықтығын қамтамасыз етеді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу