Сауданың негізгі көлемі жеке және шағын компанияларға тиесілі

892

Алайда қаңтар оқиғсы кезінде дәл осы нысандар көп шығынға батқан болатын.

Сауданың негізгі көлемі жеке және шағын компанияларға тиесілі

Finprom.kz сайтының дерегіне сүйенсек, бөлшек сауда көлемінің үштен екісі жеке кәсіпкерлер (4,7 трлн теңге) мен шағын компанияларға (4,2 трлн теңге) тиесілі. Орта сауда кәсіпорындарына 1,5 трлн теңге, ірі кәсіпорындарға 3 трлн теңге тиесілі.
Жалпы 2021 жылы бөлшек сауда көлемі 13,4 трлн теңгеге жетті — 2020 жылмен салыстырғанда 15,5% артық. Нақты өсім – 6,5%. 

Сауданың үштен екісіне жуығы азық-түлік емес тауарлар. Онда нақты өсім – 9,6%. Ал азық-түлік тауарларында нақты өсім тек 1% болды.

Өңірлер арасында жалпы сауда көлемінің үштен бір бөлігі Алматы қаласының қаржы орталығына тиесілі. Бұл 4,2 трлн теңге. 

Бөлшек сауда көлемі бойынша көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан (1,5 трлн теңге) мен Шығыс Қазақстан облысы (1,2 трлн теңге) кірді.

Ритейлдің елеулі көлемі қазақстандық жеке компанияларға тиесілі болды: 11,8 трлн теңге. Дегенмен шетелдік компаниялардың бөлшек сауда көлемі де (1,5 еседен астам) өсіп, 1,5 трлн теңгеге дейін жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу