Сәуірде "Денсаулық" медициналық пойызы жолға шығады

326

Арнайы пойыз шалғай елдімекендерге барады.  

Сәуірде "Денсаулық" медициналық пойызы жолға шығады Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық пойыз қашан жолға шығатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл пойыз уақытында 1 сәуірден бастап жүретін болады. Тиісті келісім бар, бюджет құйылған. Қазір пойыздың жүру кестесі әзірленіп жатыр", - деді спикер.

Ведомство басшысының сөзінше, барлық жұмыс жоспар бойынша жасалады.

Тілшілер арнайы пойызды жыл бойы жүргізу жоспары бар ма деп сұрады.

"Пойыз жыл 12 айдың 8-інде жұмыс істейді. Бұл ұсынысты ескереміз", - деп жалғастырды Ақмарал Әлназарова.

Айта кету керек, осыған дейін Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу