"Сауна ғимаратында балалар лагерін ұйымдастырған": тергеу басталды

442

Оны қаржыландыру жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қаласы Білім басқармасының бюджетінен жүзеге асырылған.  

"Сауна ғимаратында балалар лагерін ұйымдастырған": тергеу басталды Фото: facebook.com/Инка Рокеровна

Алматы қаласының прокуратурасы "Сауна ғимаратында балалар лагерін" ұйымдастыру кезінде лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы) және кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (ҚР ҚК 140-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Лагерьді қаржыландыру жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қаласы Білім басқармасының бюджетінен жүзеге асырылған. Бұл ретте ұсынылған конкурстық құжаттама қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келмеген. Қылмыстық істерді тергеу Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары мен лагерь ұйымдастырушыларының іс-әрекеттеріне баға беріледі. Өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді. Аталған іс прокуратура органдарының ерекше бақылауында", - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Сонымен қатар, Алматы маңындағы барлық лагерьлер тексеріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу