Saxo Bank 2021 жылы мұнай бағасы 60 доллардан асады деп отыр

838

Әсіресе екінші жарты жылдықта бағалар шарықтауы мүмкін.

Saxo Bank 2021 жылы мұнай бағасы 60 доллардан асады деп отыр

2021 жылдың соңына қарай мұнай бағасы 62 долларға дейін жетуі мүмкін. Бұған мұнай нарығындағы ұсынымның қысқаруы мен тапшылық себеп болады. Saxo Bank мамандары осындай болжам жасап отыр.

Brent сұрыпты мұнай құны жуырда 50 доллар асты. Банк өкілдерінің айтуынша, енді алдағы жылы бұл тенденция жалғаспақ. Әсіресе екінші жарты жылдықта бағалар шарықтауы мүмкін. Өйткені осы уақытта барлық елдерде дерлік жаппай вакцинация жүргізіле бастайды. Ал егер препараттар тиімді деп танылса, мұнайға деген сұраныс артады.  

"Әлем пандемия салдарын еңсерген тұста барлығы мұнайдың өндірістік әлеуетіне назар аудара бастайды. Өйткені індет кесірінен мұнай компаниялары өндірістік инвестицияларды кем дегенде 80 миллиард долларға қысқартып тастады . Тапшылық қатері салдарынан тұтыну көлемі 2021 жылдың соңына дейін артуы мүмкін", – деді банк Оле Хансен.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу