Саяси партиялардың қызметінде шариғат негізі жоқ – Талибан

406

Талибан Ауғанстандағы саяси партияларға тыйым салды

Саяси партиялардың қызметінде шариғат негізі жоқ – Талибан Фото: Ашық дереккөзден

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Ауғанстандағы саяси партиялардың қызметіне толық тыйым салынғанын жариялады.

Бұл туралы жергілікті телебағдарламада тәліптердің Әділет министрі Абдул Хәкім Шараи мәлімдеді.

"Саяси партиялардың қызметінде шариғат негізі жоқ, ол ұлт пен халықтың мүддесіне сай келмейді", - деді Шараи.

Ауғанстанда Талибан билікті басып алғанға дейін елдің Әділет министрлігінде 73 саяси партия тіркелген еді. Алайда, тәліптер билікке келгеннен кейін саяси партия жетекшілерінің көпшілігі елден кетіп қалды.

Еске салайық, Талибан қозғалысы Ауғанстанды 2021 жылдың тамызында басып алды. Осы уақытқа дейін аталмыш үкіметті әлемнің бірде-бір елі ресми түрде мойындаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу