"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысында – 12 учаске
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Қарағанды облысында – 5 учаске
Қостанай облысында – 7 учаске
Павлодар облысында – 2 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 13 учаске
Түркістан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске
Қар аралас жаңбыр, көктайғақтың болуынан аталған жолдарда көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.
Сондай-ақ қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 687 бірлік техника жұмыс істеп жатқаны айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу