Кеше ШҚО-дағы Ұлан ауданына қарасты Тарғын ауылындағы бірнеше үйдің шөбі жанып кетті. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
"Ауданнан арнайы комиссия құрылды. Өрттің шығу себебі көп ұзамай анықталады. Шөбі өртенген үйлерге көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз, өртті сөндіруге 8 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды", – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Болатбек Мамарбаев.
"400 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 120 тонна шөпті күлге айналдырды. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы мен Асу-Бұлақ орман шаруашылығының 2 техникасы жұмылдырылды", – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу