Сексеуіл сатқаны үшін істі болды

1028

2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін еліміздің мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл ағаштарын кесуге тыйым салынған. Алайда сексеуілді ұрлап сатушылар әлі де тыйылмай тұр. 

Сексеуіл сатқаны үшін істі болды Фото: baq.kz

Жамбыл облысының тұрғыны 2 текше метр сексеуілді ұрлап сатамын деп жүріп қолға түскен. Оның жасырын "саудасы"  "Газельге" тиеген отынын Алматы асырмақ болған кезінде әшкере болды.

Газельдегі 34 жастағы көлік жүргізушісінің айтуынша, ол тапсырысты Алматы қаласына жеткізіп беруге келіскен. Ал сатушы басқа екен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 60 жастағы тұрғынды ұстады. 

Қазір осы дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сарапшылар мемлекетке сот-биологиялық сараптама жасап, заңсыз сауда арқылы қанша шығын келгенін анықтауда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін көрсетілген бапқа сәйкес үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

Айта кету керек, сексеуілді кесуге және сатуға тыйым салынғаны – қазір оңтүстік аймақтарда шөлейтті жерлердің аумағы артып келеді. Ал сексеуіл шөлейттенуге бірден-бір тосқауыл болатын өсімдік. Оның үстіне Қызыл кітапқа енген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу