"Семей орманында" бес қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген

112

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Семей орманында" бес қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген Фото: forestprotection

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу