Семейде ер адам суға батып кетті

390

Қайғылы оқиға 11 шілде күні болған.

Семейде ер адам суға батып кетті Фото: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Ертіс өзенінің "Пристань" қалалық жағажай ауданында 1998 жылы туған ер адам мас күйінде шомылуға барып, көрінбей кеткен. Құтқарушылар бір сағат ішінде ер адамның жансыз денесін тапты", - делінген хабарламада. 

Министрліктің хабарлауынша, іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Айта кету керек, осыған дейін Атырау облысында бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу