Семейде локомотив жеңіл көлікті теміржол бойымен сүйреді

117

Апат түнгі сағат 03.00 шамасында тіркелген.    

Семейде локомотив жеңіл көлікті теміржол бойымен сүйреді Фото: Видеодан скриншот

Семейде жеңіл көлік пен локомотив соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, 24 жастағы жүргізуші Mercedes‑Benz көлігімен Каржаубайұлы көшесімен келе жатқан. Реттелмейтін теміржол өткелінен өтер кезде ол маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, теміржол рельстеріне шығып кеткен.

Сол сәтте көлікке локомотив соғылып, жеңіл автокөлікті белгілі бір қашықтыққа дейін сүйреп кеткен.

Абай облысы полиция департаменті мәліметінше, көлік салонында 19 жастағы қыз болған. Ол медициналық мекемеде тексеріліп, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені анықталған. Ал жүргізушіге медициналық көмек қажет болмаған.

Полиция жүргізушіні теміржол өткелінен өту ережелерін бұзып, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Аталған баптың санкциясына сәйкес, жүргізуші 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу