Семейде мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атуға тура келді

293

Семей қаласында мас күйде көлік тізгіндеген ер адам полицейлерден қашып құтылмақ болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Семейде мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атуға тура келді Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

19 қыркүйекте түнгі сағат 01:00 шамасында полицияға хабарласқан тұрғын Өскемен көшесімен зуылдап келе жатқан эвакуатор жүргізушісінің мас болуы мүмкін екенін айтқан.

Абай облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына аттанған "Барыс 615" патрульдік полиция экипажы эвакуаторды байқап, тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші бағынбай, әрі қарай жүрісін жалғастырып, жаяу жүргіншілер мен басқа көліктерге қауіп төндірген.

Полицейлер эвакуатордың соңына түсіп, қуа жөнелген. Жүргізуші түрлі маневр жасап, қашып құтылмақ болған.

– Оны тоқтату үшін полицейлердің бірі алдымен ескерту ретінде ауаға оқ атты. Бірақ жүргізуші тоқтамаған соң көліктің дөңгелектеріне оқ атылды. Дөңгелектері тесілгеннен кейін ғана эвакуатор тоқтады, – делінген хабарламада.

Тізгінде 29 жастағы семейлік тұрғын отырған. Медициналық сараптама оның орташа деңгейде мас болғанын растады. Жүргізуші айықтырғышқа жеткізіліп, эвакуатор арнайы тұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу