Семейде өрт шыққан үйден 4 жасар бала құтқарылды

660

Семейде тоғыз қабатты үйдің 5-қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 2018 жылы туған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТДЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Семейде өрт шыққан үйден 4 жасар бала құтқарылды Фото: gov.kz

Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 2 қаңтарда болған. Өрт туралы хабар 17:16-да түсті.

"Өрт Шәкәрім даңғылы, 13-үй мекенжайында болды. Оқиға орнына жеткенде тоғыз қабатты үйдің 5-қабатындағы үйдің жеке заттары, жиһаздары, оргтехникасы, терезе блогы жанып жатқаны белгілі болды. Қызметкерлер қабырға конструкцияларын бұзып, 2018 жылы туған баланы аман алып қалды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр. Бала дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт орнына екі автоцистерна, бір баспалдақ және жеке құрамнан 8 адам жұмылдырылды. Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу