Семейде спорт академиясы ашылды

1424

Семейде спорт академиясы ашылды

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен және Семей жұртшылығымен бірге Спорт академиясын ашты. Рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды, деп хабарлады өңірдің ақпараттық орталығына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Белгілі болғандай, Спорт академиясының құрамына балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 200 орындық интернатпен жекпе-жек залы кіреді. Интернат құрылысы 2015 жылы күзде басталды. Нысандар Семей қаласындағы  №1 БЖСМ жанында бой көтерді. Құрылыс аяқталғаннан кейін барлық үш нысанды біріктіріп, Спорт академиясын құру шешімі қабылданды. "Біз керемет елде тұрып жатырмыз. Облыстың ең  дарынды балалары жиналғаны үшін қуаныштымын. 200 үздік спортшы. Бұл мекемені "Семей спорт академиясы" деп атауды шештік", – деп атап өтті рәсімде Даниал Ахметов. Тәуелсіздік қарсаңында ашылған маңызды спорт кешенінің ашылуымен Семей тұрғындарын Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова құттықтады. "Спортты жақсы көретін балалар сүйікті ісімен айналысатын керемет орын ашып жатырмыз. Шалғай аудандардағы жас спортшыларда да осындай мүмкіндік болғаны өте маңызды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Бір жетістікпен тоқтап қалуға болмайды, үнемі жетіліп, алға ұмтыла беріңдер", – деді балаларға Ольга Рыпакова. Академия жұмысы ШҚО келешегінен үміт күтетін спортшыларын іріктеп оларды жекпе-жектің төрт түрі (дзюдо, самбо, грек-рим күресі, еркін күрес) бойынша дайындауға бағытталған. Балалармен оқу-жаттығу жұмысын өткізу үшін Моңғолиядан, Ресейден, Әзербайжаннан жоғары санатты шетел мамандары тартылды.  Облыс көлемінде 10-18 жас аралығындағы  оқушыларды жинау  жыл сайын   қыркүйек айныда жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу