Семейде су құбыры жарылып, көпқабатты тұрғын үйлер сусыз қалды

91

Әкімдік қалпына келтіру жұмыстары жалғасатынын айтты.

Семейде су құбыры жарылып, көпқабатты тұрғын үйлер сусыз қалды Фото: canva.com

Қарағайлы шағын ауданындағы су құбырындағы апатқа байланысты беске жуық көппәтерлі тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қала әкімдігінің ақпаратынша, 2025 жылы 16 қаңтар сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, авария диаметрі 300 мм су құбырында орын алған.

Оқиға орнына "Семей Водоканал" МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жою жұмыстарын жеке бақылауына алды.

– 2025 жылы 17 қаңтар сағат 01:00-де бірнеше нысанда су беру қалпына келтірілді. Қазір 5 көпқабатты тұрғын үйге (346 абонент) су қосылмады. Аварияны жоюға 2 техника бірлігі және 5 қызметкер жұмылдырылды, –  делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу