Семейде суға батқан көлік табылды

316

Іздеу жұмыстарыра 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған. 

Семейде суға батқан көлік табылды Фото: polisia.kz

Абай облысында Ертіс өзеніне құлап кеткен көлік табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Семейде Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары эхолоттың көмегімен суға батқан көлікті тапты. Іздеу операциясына ведомствоның 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған", – делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Ертіс өзеніне құлаған көліктен бір адамның денесі шығарылғанын жазғанбыз. Семейде ішінде төрт адамы бар көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу