Семейде Ұлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді аман алып қалды

710

Бүгін сағат 9:30 шамасында көше бойында келе жатқан жүкті әйел кенет есінен танып құлайды.  

Семейде Ұлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді аман алып қалды Фото: semeynews.kz

Дәл осы сәтте құлап жатқан әйелді тәуліктік кезекшіліктен шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан ҚР ҰҰ 5511 әскери бөлімінің 3 әскери қызметкері байқап қалып, дереу көліктерін тоқтатып, 103 каналына хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz semeynews.kz сілтеме жасап. 

Олар дереу уақыт жоғалтпастан есінен танып қалған әйелге алғашқы медициналық көмек беруге кіріседі. Әйелдің есін жиюға көмектесу барысында оның "Идиопатиялық эпилепсия" диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болады. Жедел жәрдем келе сала әйелді бірден дәрігердің қолына табыстайды, жүкті әйел жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды. Қазіргі оның денсаулығы бірқалыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу