Семейде жоғалып кеткен оқушы бір тәуліктен кейін аман-есен табылды

215

Бұған дейін 9 жасар бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткенін жазған едік. 

Семейде жоғалып кеткен оқушы бір тәуліктен кейін аман-есен табылды Фото: Абай облысы ПД

Абай облысы полиция департаменті Семейде бүкіл қала бір тәуліктен астам іздеген бала табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің дерегінше, 19 шілдеде із-түссіз жоғалған үшінші сынып оқушысы аман-есен табылды. Оны полицейлер, еріктілер мен қала тұрғындары іздестірді.

"Іздестіру жұмыстары қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары Восточный кентінің ауданында мектеп оқушысын тапты", – деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, сұхбат алды. Психологтың қарауынан өткен бала ата-анасына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін 9 жасар бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткенін жазған едік. Абай облысы полиция департаменті жоғалғанына біраз уақыт болған баланы табуға ат салысуды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу