Семейде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

357

Оқиға бейнебақылауға түсіп қалған

Семейде жол апатынан жүргізуші қаза тапты Фото: видеоскриншот

20 маусым 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін басқара отырып, Шәкәрім даңғылының бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне соқтығысуға жол береді.

Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болады.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән - жайы анықталып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу