Семейде жол үстінде көлік аударылып қалды

81

Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Семейде жол үстінде көлік аударылып қалды Фото: Абай облысының полиция департаменті

Семейдегі Нұршайықов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында екі көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша Toyota көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басты жолмен – Уәлиханов көшесімен келе жатқан. Сол кезде Нұршайықов көшесімен келе жатқан Chery көлігінің 23 жастағы жүргізушісі жол бермей, екі көлік соқтығысқан.

"Салдарынан Chery аударылып қалды. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, апаттың мән-жайы анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу