Семейдегі жедел жәрдем жүргізушілері жалақыларын ала алмай жүр

1199

Қазір жағдайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бақылауға алған.

Семейдегі жедел жәрдем жүргізушілері жалақыларын ала алмай жүр

Семей қаласындағы жедел жәрдем стансасы жүргізушілерінің жалақыларын ала алмай жүр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Өткен жылдан бері  жедел жәрдемді шақыру  төрт категорияға бөлінген болатын. Бірінші, екінші және үшінші категориялы шақыруларға жедел жәрдем стансасының дәрігерлері шығады да, төртінші категориялы дабылға қызмет көрсету  алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарға жүктелген.

Тоғыз айдың ішінде Семей қаласындағы жедел жәрдем стансасының қызметі үшін  "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның облыстық филиалы 648,9 млн теңге аударған. Облыстық филиалдың директоры Болат Алиевтің түсіндіруінше, 1-3 категориялы шақыруларға бір адамға 220 теңге мөлшерінде, ал 4 категорияда бір адамға 31 теңге көлемінде  тариф бекітілген.

"2018 жылдың 9 қазанындағы жағдай бойынша, қор филиалының Семей жедел жәрдем стансасының алдында ешқандай қарызы жоқ. Еңбекақы ешқандай кешігусіз, кесте бойынша төленуде. Бөлінген қаражат станса қызметкерлерінің жалақысына, операциялардың шығынын өтеуге толық жетеді", – деді Болат Алиев осы мәселеге қатысты  облыстық филиалдың ғимаратында өткен брифингте.

Еңбекақыларын ала алмай жүргендер Семей жедел жәрдем стансасымен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін "Комплекс и К" ЖШС-нің тоғыз жүргізушісі екен. Болат Алиевтің айтуынша, бұл Семей жедел стансасының тасымалдаушылармен өзара ішкі есеп айырысуы, оған медициналық сақтандыру қоры араласа алмайды. Бәлкім, субмердігер ұйым өз міндеттемелерін толық орындамады. Қазір жағдайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бақылауға алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу